03.06.2025, 14:31 75056

Қазақстандағы ішкі өндіріс өсуде және импортты біртіндеп алмастыруда

Отандық өндіріс металлургия, жеңіл және электроника өнеркәсібіндегі импортты алмастырады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Қазақстанда отандық өнімнің үлесі артып келеді. Бұл үрдіс металлургия, жеңіл өнеркәсіп және электроника салаларында байқалады. Тауарлардың ішкі өндірісінің ұлғаюы нәтижесінде импорттық өнімдер біртіндеп ауыстырылады.

Отандық өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдаудың пәрменді құралдарының бірі реттелетін сатып алуларға қатысуға басым құқық беру болып саналады", - деп атап өтті өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.


Осы құралдың арқасында отандық тауарлардың 4 834 астам позициясына басымдық берілді. Осы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар отандық тауар өндірушілермен 303 млрд теңге болатын 96 мыңнан астам келісімшартқа отырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе жоғары.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны