07.04.2021, 21:26 17594

Қазақстанда зардап шеккен салаларда ШОБ қолдау бойынша қосымша шаралар пакеті әзірленді

2021 жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілерінің еңбекақы төлеу қорынан барлық салықтар мен төлемдерді төлеуін кейінге қалдыруды, банк займдары мен шағын несиені төлеуін кейінге қалдыруды, сондай-ақ салықтық және кедендік берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын тоқтата тұруды қамтиды.
НҰР-СҰЛТАН. 7 СӘУІР - ҚР Президенті жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пандемиядан зардап шеккен салалардағы шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін іскерлік белсенділікті ынталандыру бойынша қосымша шаралар топтамасы әзірленді, ол 2021 жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілерінің еңбекақы төлеу қорынан барлық салықтар мен төлемдерді төлеуін кейінге қалдыруды (118 ЭҚЖЖ), банк займдары мен шағын несиені төлеуін кейінге қалдыруды (346 ЭҚЖЖ), сондай-ақ салықтық және кедендік берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын тоқтата тұруды қамтиды", - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметінде.

 
Бұдан басқа, тауарлардың ілеспе құжаттары мен электрондық шот-фактураларын рәсімдеу бойынша пилоттық жобаны іске асыруды 2021 жылғы 1 шілдеден 1 қазанға ауыстыру туралы шешім қабылданды. 
 
Экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларындағы ШОБ несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау кезеңі (93 ЭҚЖЖ) 2021 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады. 
 
Премьер-Министр а.ж. 12 сәуіріне дейін Үкіметке бизнесті салықтық ынталандыру бойынша заңнамалық түзетулердің тиісті пакетін енгізуді тапсырды. 
 

Барлық заңнамалық бастамалар Парламенттің ағымдағы сессиясы жұмысының соңына дейін іске асырылуы тиіс", — деді А. Мамин.

 
Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев зардап шеккен салаларда ШОБ салықтары мен кредиттері бойынша кейінге қалдыруды пысықтауды тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны