04.12.2023, 18:16 47751

Қазақстандық компаниялар Иран нарығына шикізаттық емес тауарлардың үздіксіз экспортын жолға қоюға мүдделі

Қазақстан мен Иран өзара тауар айналымын $3 млрд-қа жеткізуді көздеп отыр
Тегеран қаласында Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 19-шы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Иран ауыл шаруашылығы министрі Мохаммад Али Никбахттың тең төрағалығымен өткен шараға екі ел министрліктері мен мемлекеттік кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Үкіметаралық комиссия отырысында тараптар сауда, ауыл шаруашылығы, логистика, энергетика, денсаулық сақтау, білім беру, туризм және басқа да салалардағы мемлекетаралық қатынастардың табысты дамып келе жатқанын атап өтті.

Серік Жұманғарин екі мемлекеттің басшылары Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымын үш миллиардтық межеге жеткізу міндетін қойғанын еске салды.

Осы тапсырманы орындаудың алғашқы қадамы Өзара тауар айналымын $3 млрд-қа жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қою болады. Құжат экспорттаушы кәсіпорындарды бірнеше бағытта қолдауды көздейді: өзара сауда көлемін ұлғайту, сауда-саттықтағы шектеулерді алып тастау, екіжақты клиринг механизмін енгізу және т.б.", - деді вице-премьер. Ол сондай-ақ қазақстандық компаниялар Иран нарығына шикізаттық емес тауарлардың үздіксіз экспортын жолға қоюға мүдделі екенін айтты.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны