04.03.2021, 19:53 15894

Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты Дүниежүзілік банктен $100 млн тартуды жоспарлап отыр

Бұл бастаманы іске асыру құрылыс кезеңінде 13 000 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Нұр-Сұлтан. 4 наурыз. Kazakhstan Today - "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ 500-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысанды жаңғыртуға Дүниежүзілік банктен 100 млн. АҚШ доллары көлемінде қарыз қаражатын тартуға ниетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бұл бастаманы іске асыру құрылыс кезеңінде 13 000 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, 24 млрд.теңге сомасына жергілікті қамту тауарларын сатып алуға мүмкіндік береді, тиісінше бұл отандық өндірісті дамытуды қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, 3 млрд.теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жылдық үнемдеуді және 4,5 млрд. теңге көлемінде бюджетке салық түсімін алу көзделуде", - деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны