03.01.2022, 16:44 43971

Энергетика министрі сұйытылған газ бағаларына қатысты жағдайға түсініктеме берді

Энергетика министрі сұйытылған газ бағаларына қатысты жағдайға түсініктеме берді
НҰР-СҰЛТАН. 3 ҚАҢТАР - ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев брифинг барысында Маңғыстау облысындағы сұйытылған газ бағаларына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Мырзағалиев Қазақстан ішкі нарықтың қажеттіліктерін өтеу үшін сұйытылған газдың жеткілікті ресурстарына ие және газ бойынша нетто-экспорттаушы болып табылатынын хабарлады.
 

Жергілікті тұтынушыларды қолдау үшін газдың бағасы реттелді және тоннасына 38 мың теңге деңгейінде белгіленді. Яғни экспорттық бағадан 5-6 есе төмен. Бұл ретте Қазақ Газ Өндеу зауытында сұйытылған газ өндірісінің өзіндік құны тоннасына шамамен 100 мың теңгені құрайды. Қазақстандағы сұйытылған мұнай газының бағасы өңірдеге ең төмен баға болып табылады. Сәйкесінше, төмен деңгейдегі баға газ өндірісін ұлғайтуды ынталандырмайды", - деді министр.

 
Екінші себеп - тұтынудың өсуі.
 

2020 жылы ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамту үшін 1,4 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілді. 2021 жылы ішкі нарықтағы сұйытылған газды тұтыну 1,6 млн тоннаға дейін өсті. Бұл ретте газ өндірісі өсіп жатқан жоқ. Ал тозығы жеткен зауыттардың жиі жөнделуі жалпы өндірістің төмендеуіне әкеп соғуда. Ағымдағы жағдайда осы шикізатты өндіруді кеңейту үшін қандай да бір инвестициялық тартымдылық жоқ. Бұл тұтынудың тұрақты өсуі аясында тапшылыққа алып келді", - деп атап өтті Энергетика министрі.

 
Оның айтуынша, тапшылық, әсіресе 2021 жылы күшейді. Себебі 2019 жылдан бері сұйытылған газға өткізілген автокөліктер саны биыл шамамен 2 есеге өсті.
 

Төмен бағаларды сақтау кезінде тұтынудың едәуір өсуі өндіруші зауыттар үшін осы шикізатты өндірудің тартымсыздығына алып келді және кейіннен осы саланың ықтимал жоғалуына әкелуі мүмкін еді. Сонымен қатар, көрші елдерде газ бағасы айтарлықтай жоғары болған кезде, тиісті бақыланатын органдар ішкі нарықтың қажеттіліктеріне арналған газды елден тыс жерлерге заңсыз әкетудің бірнеше фактілерін тіркеді", - деп қосты Мырзағалиев.

 
Оның айтуынша, Маңғыстау облысының ай сайынғы тұтынуы 18 мың тоннаны құрайды, бұл "Қаз Газ өңдеу зауыты" ЖШС – 14,5 мың тонна, "Атырау МӨЗ" ЖШС – 3,5 мың тонна есебінен өтеледі.
 

Бұл ретте шамамен автокөліктердің 90%-ы газды отын ретінде пайдаланады. 2021 жылғы 20-25 желтоқсанда өткізілген сауда қорытындысы бойынша АГТС үшін сатып алу бағасы: ҚазГӨЗ – тоннасына 130 684 теңге немесе литріне 77 теңге; АМӨЗ – тоннасына 109 872 теңге немесе литріне 65 теңге. Логистикалық шығындарды ескере отырып, Маңғыстау облысының жанармай құю станциялары үшін газдың өзіндік құны тоннасына 136 723 теңге немесе литріне 80 теңге шегінде қалыптасты", - деді Мырзағалиев.

 
Маңғыстау облысындағы ағымдағы бөлшек бағасы литріне 100-ден 120 теңгені құрайды. 
 

Газ станцияларының маржасы литріне 20-40 теңгені немесе 25-50% құрады. Қаңтар айындағы көтерме сауда-саттық деректерін талдай отырып, біз бөлшек сауда бағасы тоннасына 120 мың теңге деңгейінде қалыптасқанын байқаймыз, бұл біздің ойымызша, күткеннен де жоғары болып табылады. Бұл бізге ЖМҚС арасында мүмкін болатын баға алыпсатарлықтары туралы болжам жасауға негіз береді", - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Маңғыстау облысының тұрғындары газ бағасына қарсы митинг өткізді. 

Қазақстанда сұйытылған газ өндірушілер электронды сауда-саттыққа көшті. Электронды саудаға көшкенге дейін сұйытылған мұнай газының бағасы өз құнынан төмен бағаға сатылғандықтан, өндірушілер үшін тиімсіз болды. 2022 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша жеткізушілер Маңғыстау облысы үшін өндірушілерден 17 406 тонна сұйытылған мұнай газын сатып алды (Жеткізу жоспары бойынша бөлінгеннің 96,5%). Осылайша, Маңғыстау облысына қаңтарда сұйытылған газ жеткізудің орташа көтерме бағасы 133 126 теңге/тонна немесе 78 теңге/литр құрады. Бұл ретте бөлшек сауда бағасы Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау облысында 100-120 теңге/литр болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны