29.06.2009, 16:47 23464

Қазақстанда жел және су эрозиясына ұшырап отырған жалпы жер көлемі 30 миллион гектар, оның ішінде егістік жерлер 1,6 миллион гектарды құрайды

Қазақстанда жел және су эрозиясына ұшырап отырған жалпы жер көлемі 30 миллион гектар, оның ішінде егістік жерлер 1,6 миллион гектарды құрайды

Астана. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жел және су эрозиясына ұшырап отырған жалпы жер көлемі 30 миллион гектар, оның ішінде егістік жерлер 1,6 миллион гектарды құрайды. Бұл туралы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков бүгін парламент мәжілісінде өткен "үкіметтік сағат" барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Агенттік төрағасының айтуынша, "ауыл шаруашылық жерлеріне мемлекеттік бақылау жүргізудегі тағы бір өзекті мәселелер қатарына ондай жерлердің топырақ құнарлылығының төмендеуіне байланысты жер иелерінен қайтарып алу мәселесін атап өту қажет. Кодекстің 93, 94-баптарына сәйкес топырақ құнарлылығын төмендету фактісіне байланысты жер учаскелерін сот тәртібінде мәжбүрлеп алу жоғарыда аталған процедураларға ұқсас. Алайда бұл ретте қиындық туғызып отырған басты мәселе - топырақ құнарлылығының бақылаудың бастапқы нақты көрсеткіштерінің болмауы".

"Аталған мәселе бойынша мемлекет басшысының биылғы жылғы сәуір айында Солтүстік Қазақстан облысында болған іссапары кезінде көтеріліп, Үкіметке нақты тапсырмалар берілді. Осыған байланысты республикамыздағы барлық егістік жерлерде (30 миллион гектарға жуық) топырақ құнарлылығын мониторингтік бақылау үшін кешенді агрохимиялық зерттеулер жүргізу белгіленіп отыр және де ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану туралы тәртіпті бекіту көзделіп отыр",- деді Ө.Өзбеков.

Топырақ құнарлылығының төмендеуіне табиғи факторлардан бөлек, минералды және органикалық тыңайтқыштардың қолданылмауы, агротехникалық талаптардың сақталмауы және де ғылыми негізделген ауыспалы егіс жүйелерінің болмауы да басты себепкер болып отыр.

Агенттік мәліметінше, 1992-1997 жылдары жер реформасын жүргізу барысында 1,5 мың кеңшарлар мен 500-ге жуық ұжымшарлардың жерлері шартты жер үлестеріне бөлініп, 2,3 миллион ауыл шаруашылығы саласындағы еңбеккерлерге және ауылдық жерлердегі зейнеткерлер және әлеуметтік сала қызметкерлеріне таратылды. Бұндай жағдай жер саласында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға бағытталғанымен, бүгінгі күні жерді тиімді пайдалануда орасан зор қиыншылыққа соқтырып отырғаны ащы да болса шындық екені рас.

Мәлімет ретінде, қазіргі кезде ауыл шаруашылық саласында жерлердің 98 пайызы (87,3 миллион гектар) шаруа қожалықтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың иелігінде, яғни, 43,8 миллион гектар жер 204 мың шаруа қожалықтарында; 41 миллион гектар жер 7,1 мыңнан астам шаруашылық серіктестіктер мен ауыл шаруашылық кооперативтерде және 2,5 миллион гектар жер 3,8 мыңнан астам әр түрлі кәсіпорындардың қосалқы шаруашылықтары иелігінде.

"Ирине, мұндай жағдай еліміздегі ауыл шаруашылық айналымындағы жерлердің шамадан тыс бөлшектенуіне және де көлемі кіші жерлерде агротехникалық талаптардың орындалуы мен ауыспалы егіс жүйелерін енгізуіне және де тиімді ауыл шаруашылық машиналары мен жарақтарды пайдалануға кері әсерін тигізуде",- деді ол.

Мысалға алатын болсақ, еліміздің егін өсіретін аймақтарындағы шаруа қожалықтарының басым бөлігінің егістік жер көлемдері 50 гектардан 360 гектарды, ал оңтүстік өңірлердегі суармалы жерлердегі шаруашылықтардың жер көлемі 0,5 гектардан 5 гектарға дейін мөлшерлерді құрайды.

"Қазақстанның жағдайында мұндай майда кіші қожалықтар тиімді тауарлы өндірісті жүргізе алады деп атау қиын, сондықтан да олардың басым көпшілігінде өндірісті жүргізудің экстенсивті түрі белең алып отыр",- деді Ө.Өзбеков.

Республика аумағында жер мониторингін жүргізу үшін 732 стационарлық бақылау пунктері бар, олар республиканың барлық табиғи - ауыл шаруашылық аймақтарында орналастырылған.

Жер мониторингін жүргізу нәтижесінде белгілі болып отырғандай, шөлейттену процесстерімен Қазақстан аумағының 70 пайызы әр түрлі мөлшерлерде ұшырап отыр, ал жел және су эрозиясына ұшырап отырған жалпы жер көлемі 30 миллион гектар, оның ішінде егістік жерлер 1,6 миллион гектар.

Бұл ретте барлық егістік жерлердің (23,5 миллион гектар) сипаттамасына келетін болсақ, 15,8 миллион гектардың сапасы жақсы; 3,9 миллион гектар тұзды және сортаң жерлер; жел және су эрозиясына бейім жерлер 1,6 миллион гектар; 1,3 миллион гектар қиыршық тастақталған және 0,4 миллион гектар шамадан тыс ылғалданған жерлер болып отыр.

"Сондықтан да мемлекет алдында жер қатынастары саласында келешекте тұрған үлкен міндеттер қатарына ауыл шаруашылық жерлерінің қорғау мен тиімді пайдалану міндеттемелері тұр",- деді Ө.Өзбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны