14.03.2023, 11:18 23291

Ұлттық банк инфляцияның ай сайынғы динамикасының төмендегенін мәлімдеді

Ұлттық банк инфляцияның ай сайынғы динамикасының төмендегенін мәлімдеді
Сурет: Depositphotos
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,3%-ды құрады

Астана. 13 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда инфляцияның айлық динамикасы 2022 жылғы наурыз айында ең жоғары мәнге жеткен соң біртіндеп төмендеп барады.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында айтты. Осылайша, айлық инфляция құбылмалы болып тұр және 5 жылда орташа жылдық мәннен асатын деңгейді құрап отыр. Жылдық мәнде ақпан айындағы инфляция 21,3%-ға жетті.

Ұлттық Банк ақпан айында кезекті болжамды раундты аяқтады. Жаңа деректер мен сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, инфляция болжамы биыл 9-12%-ға дейін, 2024 жылы 6-8%-ға дейін қайта қаралды, 2025 жылы өзгеріссіз - 4-6% деңгейінде сақталды", - деді Ғалымжан Пірматов.


Оның сөзінше, геосаяси жағдайдың салдарынан және оның белгісіздігінен, сонымен бірге азық-түліктің әлемдік бағасының жоғары болуынан сыртқы проинфляциялық факторлар әлі де сақталып отыр.

Инфляцияның ішкі тәуекелдері тұрақты ішкі сұранысқа, логистикалық жеткізу жолдарының қайта құрылуына және ынталандырушы фискалдық саясат пен жоғары инфляциялық болжамбарға байланысты болады. Уақыты жеткен реформаларды жүзеге асырған жағдайда реттелетін бағаның өсу ықтималдығы Ұлттық банктің болжамында ескерілмегенін атап өткім келеді", - деді Ұлттық банк төрағасы.


Биыл 24 ақпанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ Ғалымжан Пірматов 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында базалық мөлшерлемені қазіргі мәнінде сақтау инфляцияны тұрақтандыруға ықпал етіп, оны орта мерзімді перспективада таргеттелетін деңгейге дейін біртіндеп төмендетуге көмектесетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы жылдық инфляция ақпан айында 21,3%-ға дейін өсті. Азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,5%, ақылы қызметтер 15% өсті.

Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны