30.09.2021, 21:44 35624

Отын дағдарысының себептерін Энергетика министрі түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. 30 ҚЫРКҮЙЕК - Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстандағы отын дағдарысының себептерін түсіндірді.
 

Шыны керек, осы мәселе көп адамды мазалап жүр. Отын дағдарысы бүгін басталған жоқ. Тамыз айынан бері бізде дизельдің қоры азая бастады. Сол кезде астық жинау жұмыстары басталап кетті. Осыған байланысты мұнай базаларында қор азайып қалды", - деді Мырзағалиев үкіметте өткен онлайн брифингте.

 
Министрдің айтуынша, бағаның айырмашылығы да әсер етіп отыр.
 
Қазақстан мен Ресейдегі дизель отынының бағасы бірдей емес, айырмашылығы – 90 теңге. Қырғызстан мен Өзбекстанда 70-80 теңгеге қымбат. Сол себепті жүк көліктері оны Қазақстаннан құйып алуға тырысады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
 
Тапшылық мәселесін шешу үшін Ресейден қосымша дизель отынын сатып алуға шешім қабылданды.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны