20.06.2025, 10:04 71936

Шығыс Қазақстан мен Тверь облысы ПХЭФ-2025 меморандумына қол қойды

Шығыс Қазақстан мен Тверь облысы ПХЭФ-2025 меморандумына қол қойды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бастаған ШҚО делегациясы XXVIII Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Ресей Федерациясының Тверь облысының бизнес-құрылымдарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Келіссөздерге Тверь облысы тарапынан "Завидово Форест" ЖШҚ, "Парма" ЖШҚ, "ЭКИПЦЕНТР" ЖШҚ сынды кәсіпорындар қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы делегациясының құрамында облыстық туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов, цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Қайрат Бимагамбетов, сондай-ақ Күршім ауданының әкімі Мейіржан Әлбеков болды.

Сапар барысында делегация "Экспофорум" конгресс-көрме орталығында да болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны