09.11.2023, 12:27 92391

Қытай Қазақстаннан термиялық өңделген ет өнімдерін әкелуге шектеулерді алып тастауға дайын

Тараптар мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспорттық тауарларының номенклатурасын кеңейту мәселелерін талқылады
Қытай Қазақстаннан термиялық өңделген ет өнімдерін әкелуге шектеулерді алып тастауға дайын
Сурет: gov.kz
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Бейжіңдегі ҚХР Бас кеден басқармасы басшысының орынбасары Сунь Юйнинмен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Gov.kz.

Тараптар мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспорттық тауарларының номенклатурасын кеңейту мәселелерін талқылады.

Арман Шаққалиев өз сөзінде бірқатар тауарлар бойынша қытайлық компаниялар мен ҚХР-ға экспорттауды жоспарлап отырған біздің кәсіпкерлер тарапынан жоғары сұраныс бар екенін атап өтті.

Біз Қазақстанда бірнеше рет болған көптеген қытайлық компаниялармен кездесулер өткіздік, Олар сиыр еті, қой еті, тауық және субөнімдер сатып алуға дайын. Инвестициялық ынтымақтастық бойынша келіссөздер жүргізілуде, ірі қытайлық компаниялар қытай нарығына одан әрі экспорттау мақсатында қазақстанның ет өндірісі үшін орасан зор қаражат салуға дайын. Бірақ қажетті жағдай жасау үшін қолда бар шектеулерді алып тастап, ет өнімдерін экспорттауды қайта бастау қажет", - деді Арман Шаққалиев.


Айта кету керек, ҚХР Бас кеден басқармасы елімізге аусыл және құс тұмауы ауруларын бақылау бойынша Қазақстанның ветеринарлық қызметін бағалау үшін баруға дайын.

Біз сондай-ақ салқындатылған ет өнімдерінің, термиялық өңделген ет өнімдерінің, құстың еті мен субөнімдерінің, тағамдық жұмыртқалардың, жылқы етінің және басқа да тауар түрлерінің экспортына қойылатын талаптарды келісу бойынша жұмысты бастауға дайынбыз", - деді кездесу барысында Қазақстан Сауда министрлігінің басшысы.


Келіссөздер барысында өзара саудадағы кедергілерді жою бойынша келісімге қол жеткізілді. ҚХР Бас кеден басқармасы Қазақстаннан термиялық өңделген ет өнімдерін жеткізуге қойылған шектеулерді алып тастауға дайын екенін білдірді.

ҚХР нарығында қазақстандық түйе сүті үлкен сұранысқа ие. Қытайлық тұтынушы бұл өнімнің дәмі мен сапасын біледі. Қазақстанның бие сүтін экспорттау бойынша үлкен әлеуеті бар. Алайда,ҚХР-да осы өнімді нарыққа жеткізу үшін тиісті ұлттық стандарт әзірлеу қажет, бұл туралы келіссөздер барысында да айтылды.

Экспорттың тағы бір маңызды бағыты - өсімдік шаруашылығы өнімдері. Қазақстан Қытайға сүйектіжеміс дақылдарын (шабдалы, өрік, шие) жіберуге дайын. Бұршақ және жасымық бойынша әлеуетті экспорттаушылардың тізімі жасалды.

Біз сұлы үлпегі, қызылша целлюлозасы мен картоп, жарма, күнбағыс тұқымының шроты, мақсары бойынша экспортты арттыруға дайынбыз", - деді Арман Шаққалиев.


Кездесу қорытындысы бойынша ағымдағы жылы Қазақстанның ветеринарлық қызметін бағалау үшін қытай делегациясының сапары туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, бұл үшін жақын арада сапар бағдарламасы келісіледі. Сапар қорытындысы бойынша Қытай тарапы шектеуді алып тастап, мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын талқылауға көшуге дайын.

Сонымен қатар, қытай тарапы термиялық өңделген сиыр етіне, қой етіне және құс етіне қойылатын ветеринарлық талаптарды келісу бойынша жұмысты қатар бастауға келіседі.

Шие, шабдалы және өрік хаттамаларының жекелеген жобаларын әзірлеуде уағдаластықтарға қол жеткізілді, онда қазақстандық тарап қараша айында қарастыру және келісу үшін қытайлық тарапқа шие хаттамасының бірінші жобасын жібереді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны