04.01.2023, 13:04 27316

Желтоқсан айында теңге 1,3%-ға нығайды

Желтоқсан айында теңге 1,3%-ға нығайды
Ұлттық Банк желтоқсанда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ

Астана. 4 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Желтоқсанның қорытындысы бойынша, теңге 1 АҚШ доллары үшін 462,66 теңгеге дейін 1,3%-ға нығайды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 132 млн-нан 141 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,95 млрд АҚШ долларын құрады. Бір айда валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан теңгерімді болды, айырбастау бағамы нарық талаптарына сай қалыптасты.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы өткен айдың ішінде шамамен 328,7 млн АҚШ долларын құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары валюта нарығында сатуды екінші деңгейлі банктер арқылы өз бетінше жүзеге асырады", - делінген ведомствоның хабарламасында.


Желтоқсанда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін 461 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату көлемі сауда-саттықтың жалпы көлемінен 16% болды немесе бір күнде 31 млн АҚШ долларынан аспады.

Зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау мақсатында Ұлттық Банк желтоқсанда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алды, оның жалпы сомасы 43,2 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінен шамамен 1,5%-ды құрады. Ұлттық Банк желтоқсанда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.


Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қараша айында теңге 0,14%-ға әлсіреді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны