02.06.2022, 18:25 17016

Нұр-Сұлтанда КамАЗ жүргізушісі полиция көлігін қағып, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады

Нұр-Сұлтанда КамАЗ жүргізушісі полиция көлігін қағып, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады
Сурет: Бейнеден кадр
НҰР-СҰЛТАН. 2 МАУСЫМ - КамАЗ жүргізушісі полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы бұйрығын елемей, қашып кетуге тырысқан. Содан кейін полицейлерге шабуыл жасаған. 
 

Оқиға бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласы маңында болған. 39 жастағы КамАЗ жүргізушісі полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы бұйрығын елемей, қашып кетпек болған. Сондай-ақ, жүргізуші патрульдік көлікпен соқтығысып, тәртіп сақшыларына күш көрсеткен", - деп хабарлады елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

 
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 
 
Сот шешімімен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Жанжалдың видеосы әлеуметтік желілерге тарады.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны