10.01.2022, 13:49 15481

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 12 шабуыл тіркелді

Салдарынан 2 жүргізуші мен 3 санитар зардап шекті.
Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 12 шабуыл тіркелді
АЛМАТЫ. 10 ҚАҢТАР - Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 12 рет шабуыл жасалған.
 
Салдарынан 2 жүргізуші мен 3 санитар зардап шекті.
 
Тәртіпсіздік кезінде 32 жедел жәрдем көлігі зақымданса, 4 көлік жарамсыз болып қалған.
 
Сондай-ақ жедел жәрдем көлігін шерушілер 3 рет басып алған.
 
Тәртіпсіздік кезінде жедел жәрдем көліктері барлық шұғыл шақыртуларға қызмет көрсетті, деп хабарлады Алматының тіршілігін қалпына келтіру штабы.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны