21.06.2022, 15:07 9026

Маңғыстау облысында 160-қа жуық өлі құс табылды

Маңғыстау облысында 160-қа жуық өлі құс табылды
Сурет: Depositphotos
АҚТАУ. 21 МАУСЫМ - Балықшылар маңғыстау облысының Баутино және Аташ кенттерінде жағалаудан 160 өлі суқұзғын тапқан. Бұл туралы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Тұрғанбай Шапағатов мәлім етті, деп хабарлайды lada.kz сайты. 
 
Оның айтуынша, мамандар суқұзғындардан адам әрекеттерінің белгілерін таппаған. 

Құстар Қызыл кітапқа енбеген. Адамдардың бұған қатысы жоқ, олардың қырылуы экологиямен байланысты болуы мүмкін. Экология мамандары су, ауа сынамасын және құстардың етінен материалдар алды. Нәтижесі келсе міндетті түрде хабарлаймыз. Біз олардың жаппай қырылуын 2-3 күн бұрын болған қатты дауылмен байланыстырып отырмыз", - деді Тұрғанбай Шапағатов. 

 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны