02.11.2022, 13:41 11421
Сатыбалды ісі: құны 230 млн доллардан асатын асыл тастар мен зергерлік бұйымдар Қазақстанға қайтарылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Астана. 2 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қ. Сатыбалдыұлы мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алыс шет елдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын, мемлекет кірісіне айналдырылған эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар орнатылып, елге қайтарылды", - деп хабарлады Антикорда.
Сонымен қатар, ведомствоның мәліметінше, "Қ. Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салу фактісі анықталды. Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі".
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз әкетілген капиталды іздеу және елге қайтару жалғасуда", - деп атап өтті агенттікте.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов хабарлағандай, заңсыз алынған активтер мен шығарылған қаражаттың шамамен 500 миллиард теңгесі мемлекетке қайтарылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Сатыбалды мен басқа да тұлғаларға қатысты істі тергеу барысында "Қазақтелеком" АҚ мен "Көліктік сервис орталығы" АҚ қаражатын жымқыру фактілері бойынша мемлекетке жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден асатын немесе 500 миллион доллардан асатын заңсыз жолмен алынған активтер мен ақшалай қаражат қайтарылды.
Шілде айында Бас прокуратура Қайрат Боранбаев, Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды, "РОП" ЖШС басшыларына қатысты істерді тергеу аясында мемлекетке қайтарылған сомаларды жариялады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.10.2025, 21:29 57051
Ақтөбе облысындағы жол-көлік апаты: Қанат Бозымбаев Үкіметтік комиссияға тапсырма берді
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы аумағында болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеп-тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелеріне тапсырмалар берді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазіргі жағдай туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев, көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов баяндады.
Алты адам Ақтөбе облысы Хромтау аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Екі адамның жағдайы ауыр, төртеуінің жағдайы орташа. Қанат Бозымбаев Денсаулық сақтау министрлігіне санитарлық авиация арқылы тасымалдауға болатын барлық зардап шеккендерді Астанаға жеткізіп, қажетті ем ұйымдастыруды тапсырды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және Ақтөбе облысының әкіміне қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті материалдық және психологиялық көмек көрсетуді тапсырды.
Жол-көлік оқиғасының себептерін жан-жақты тергеумен Ішкі істер министрлігінің арнайы комиссиясы айналысуда, қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі мен Көлік министрлігіне вице-премьер "Самара - Шымкент" трассасының қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Айта кетейік, 23 қазан күні сағат 08:40-та республикалық маңызы бар "Самара - Шымкент" автожолының 927-шақырымында Өзбекстан азаматы басқарған "DAF" жүк көлігі Хромтаудан Қарабұтақ бағытына қарай шыққан кезде рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан "Газель" жолаушылар көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі автокөліктің жүргізушілері мен Ақтөбе облысының он тұрғыны (оның ішінде екі кәмелетке толмаған бала) оқиға орнында қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.10.2025, 15:17 59621
Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының шетінде болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министр Комиссияға жұмысын дереу бастауды, жол апатының себептерін жан-жақты тексеруді, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық ететін Комиссия құрамында Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің жетекшілері, Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығы бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.10.2025, 12:51 93786
Мұрны сынып, басы жарылған. Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ ер адам соққыға жықты
Достарға айту
Мұрны сынып, басы жарылған. Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ адам соққыға жықты. Жазатайым жайт түн ортасында мегаполистегі дәмханалардың бірінде болған. "Күдіктілер 35-40 жас арасындағы атбалдай азаматтар", - дейді жәбірленушінің анасы. Жас жігіт алғашқы соққылардан кейін бірден есін жоғалтқан көрінеді. Бірақ қаскөйлер соған қарамастан ұруды жалғастыра беріпті. Жәбірленушінің айтуынша, күдіктілер ащы суға тойып алған. Досы екеуін жұдырықтың астына алған адам көлікке мініп, оқиға орнынан ізін суытып үлгерген көрінеді, деп хабарлайды Astana TV.
МАРЖАН БОТБАЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:
Үлкен еркектер, бәрі семейный деп естідім. Солар нападать етіп, бірінші менің баламның досына тиіседі. Артынан балам келеді, не болды деген кезде, мама 15 секунд өткен жоқ қалай құлағанымды білмеймін, удар болды дейді. Мына жағынан удар болған, мына сүйегі сынған. Көз көрінбейді. Мұрны ішке кіріп кеткен баланың, балада сотрясение.
Жәбірленуші нейрохирургия бөлімінде 10 күн ем алады. Алмалы аудандық полиция бөлімі денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Жанжалға қатысқан барлық тұлғалар анықталып, оның қызы бар, ері бар деген сияқты. Жанжалдың неден туындағанын анықтау үстіндеміз. Алдын ала мәлімет бойынша сөзге келіспеген жас адамдар жұдырық ала жүгірді. Қазіргі таңда барлық азаматтар ұсталып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2025, 15:30 136051
Мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз өзіне қол жұмсады
Достарға айту
17 қыркүйекте Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Inform.kz.
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі",- делінген ресми хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2025, 10:56 136296
Астанада кафе өртеніп, 8 пәтер тұрғындары зардап шекті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Әкімдік, ТЖД және қалалық Полиция департаменті бірлесіп, оқиға орнында жедел штаб құрды, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
ТЖД мен Полицияның үйлесімді әрекетінің арқасында өрт тез арада жойылды.
Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өрт салдарынан 8 пәтер зардап шекті. Тұрғындар қаланың қонақүйлеріне уақытша орналастырылады. Сондай-ақ барлық бағытта көмек көрсетілетін болады.
Алдағы тәулік ішінде бүлінген пәтерлерді жөндеу және фасадты қалпына келтіру жұмысы KaRima кафесі иелерінің қаражаты есебінен басталады.
Осындай барлық жағдайда жергілікті атқарушы органдар өрттің салдарын жедел жою үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2025, 14:01 148241
Алматы облысындағы ҚТҚ полигонындағы жануды сөндіру жұмыстары жүргізілуде
Сурет: ТЖМ
Достарға айту
Алатау қ. Әли ауылының маңында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында қоқыстың жануы орын алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оқиға орнында жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге ТЖД, ЖАО, ПД күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.09.2025, 20:42 160181
Маңғыстауда жол-көлік апатынан 10 адам қаза тапты
Достарға айту
Жантүршігерлік оқиға 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым қашықтықта орналасқан автожолда болған, деп хабарлайды Inform.kz.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша, "Toyota Hiace" маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге иебола алмай, салдарынан көлік жол шетіне аударылып кеткен. Көліктің ішінде жолаушылар болған.
Жол апатының салдарынан 8 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды",- делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2025, 16:10 165366
"Келешек мектептері": Құлсарыда салынып жатқан мектептің төбесі опырылып, ортасына түсті
Сурет: Ак Жайык
Достарға айту
Қазір комиссия құрылып, тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды Inform.kz.
Құлсары қаласында "Келешек мектептері" жобасы аясында 1200 орындық білім ордасы салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары кезінде спорт залының төбесі опырылып, ортасына түсті. "Samruk-Kazyna Construction" АҚ-ы Кұлсарыдағы жағдайға байланысты ресми жауап берді.
Аталған нысанды "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында "Turan Ascent" ЖШС салып жатыр. Мектепті пайдалануға беру мерзімі- 2025 жылдың соңы. Алдын ала мәлімет бойынша, құрылыс материалдарын дұрыс сақтамау және орналастыру талаптарының бұзылуынан осындай оқиға болған. Атап айтқанда, спорт залының шатырына шектелген аумаққа салмағы 6 тоннадан асатын материалдар қойылып, конструкцияға зақым келтірген. Оқиғаға байланысты тапсырыс беруші тарапынан басшылық, техникалық және авторлық қадағалау өкілдері кіретін комиссия құрылды. Сонымен қатар, жобалық шешімдерге сәйкестігін және конструкциялардың көтеру қабілетін тексеру үшін арнайы техникалық сараптама ұйымы тартылды",- деп хабарлады "Samruk-Kazyna Construction" АҚ-ның баспасөз қызметі.
Сараптама жұмыстарынан соң ғана қорытынды шешім қабылданады. Мердігер анықталған барлық кемшілікті жоюға міндетті.
"Samruk-Kazyna Construction" АҚ "Келешек мектептері" ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында сапа мен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды басты қағида етіп ұстанады",- деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
11.11.2025, 15:18Геология секторында инвестиция көлемі жыл сайын өсіп келеді - Өнеркәсіп министрлігі 11.11.2025, 20:26 43391Тегін дәрі-дәрмектерді сатқаны үшін қатаң шаралар қолданылады11.11.2025, 17:23 43391Жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру қызметкерлердің әкімшілік жүктемесін 35%-ға төмендетті10.11.2025, 13:22 35571Олжас Бектенов LanzaJet басшылығымен елімізде экологиялық таза авиаотын өндіретін зауыт салу мәселесін талқылады10.11.2025, 17:48 35396Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2025 жылдың 10 айында 6,4%-ды құрады
03.11.2025, 13:05 192671Қызылорда облысына су жеткізуді жақсарту мақсатында Көксарай су реттегішінен 60 мың текше метр құм мен қиыршық тас шығарылды03.11.2025, 12:09 192091Қазақстанда жыл басынан бері 26 мыңнан астам веб-сайт бұғатталды03.11.2025, 17:16 191906Жыл басынан бері заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырғандар 40 миллион теңгеге жуық айыппұл төледі03.11.2025, 18:55 187381Алматы қаласында 4,3 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген03.11.2025, 19:15 186691Үкіметте Алматы әуежайын жаңғырту жұмыстарының барысы қаралды

