02.06.2022, 16:08 15506

Балқаш гарнизонындағы офицердің оқпен жаралануы: әріптесі ұсталды

Балқаш гарнизонындағы офицердің оқпен жаралануы: әріптесі ұсталды
Сурет: gov.kz
БАЛҚАШ. 2 МАУСЫМ - Балқаштағы әскери гарнизонның офицерін атқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, ҚР ІІМ Орталық өңірлік Әскери тергеу басқармасының Қарағанды бөлімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды", - деп хабарлады Бас әскери прокуратура.

 
Ведомствода Қорғаныс министрлігінің 53898 әскери бөлімінің зардап шеккен әскери қызметкеріне ота жасалғанын, оның жағдайы өте ауыр екенін айтты.
 

Оның күдікті әріптесі 2022 жылы 31 мамырда ұсталып, Балқаш қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, 30 мамырда Балқаш гарнизонында қаруды қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу нәтижесінде лейтенант жарақат алды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны