23.05.2023, 14:08 15521

Абай ауданындағы ірі өртті сөндіруге тікұшақтар тартылуда

Абай ауданындағы ірі өртті сөндіруге тікұшақтар тартылуда
Сурет: ҚР ТЖМ
Сағат 12:30-дағы жағдай бойынша. 2 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрттің болжамды ауданы 1 100 га құрайды, деп хабарлайды Gov.kz.

Орман өртін сөндіруге барлығы 90 бірлік техника және 271 адам жұмылдырылды ("Семей Орманы" МОРТ - 56 бірлік техника, 153 адам, ТЖМ 27 бірлік техника, 1 тікұшақ, 104 адам л/с, ҚТЖ 1 өрт поезы, 10 адам, ЖАО 4 бірлік техника, 4 адам, Қазавиолесқорғау 1 тікұшақ, 6 экипаждың адамы.

Төтенше жағдайлар министрлігінде және Департаменттің дағдарыс орталығында жедел штабтар ұйымдастырылды. Жедел желі телефондары жұмыс жасайды.

Өртті сөндіру жұмыстарының қиындауы қатты екпінді желдің салдарынан өрттің төменнен жоғарыға өтіп, оның тез таралуына әкелуде.

Орман өртін сөндіруге "Қазавиақұтқару" АҚ су төгетін құрылғысы бар МИ-873 және "Қазавиалесохра" су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшақтарына жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 6 су төгу (15 тонна.) жүзеге асырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны