24.05.2023, 09:22 24726

Абай ауданындағы орман өрті: жақын маңдағы ауылдың тұрғындары үйлерін тастап кетті

277 адам эвакуацияланды
Абай ауданындағы орман өрті: жақын маңдағы ауылдың тұрғындары үйлерін тастап кетті
Сурет: Gov.kz
2023 жылғы 22 мамырда сағат 15:25-те Абай облысының Бородулиха ауданында, Ауыл станциясынан 7 км қашықтықта (Алтай өлкесі РФ аумағынан Новенькая ауылынан өтті) құрғақ шөптің жануы орын алып, кейіннен "Семей Орманы"мөр аумағына көшті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өрттің жалпы аумағы 1500 Га.

Орман алқабында құрғақ шөптің жануы болуда.

Елді мекендерге төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланды.

Березовка шипажайы мен Березовка подхозы орнында 15 адамнан тұратын қызметкерлермен кезекшілік ұйымдастырылды.

Орман өртін сөндіруге барлығы 100 бірлік техника (оның ішінде 1 өрт пойызы) және 2 тікұшақ, сондай-ақ 402 адам жұмылдырылды.

Қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдарын 133 адам л/с және 26 бірлік техникамен топтастыру жіберілді. Сондай-ақ "Қазависпас" АҚ-ның МИ-8 тікұшағы (экипажы 4 адам) Қарағанды қаласының әуежайынан ұшып шықты.

Тәулігіне 2 тікұшақпен барлығы 59 157,5 тонна су төгілді.

Өрт орнына вице-министр генерал-майор М. Күлдіков келіп жетті.

Өрт орнында командалық-штабтық машина (КШМ) жұмыс жасауда.

Сондай-ақ, дағдарыс орталықтарында Абай облысының ТЖМ және ТЖД жедел штабтары жұмыс істейді. Сенім телефоны ашық.

Қазгидромет" деректері бойынша 24-26 мамырда Бородулиха ауданында Абай облысында екпіні 15-20 м/с дейін солтүстік-шығыс жел соғады деп күтілуде.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны