14.08.2023, 19:30 19451

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты

Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды
Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz

Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған.

Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышының арасында бетпе-бет соқтығысу болғаны анықталды. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді.

Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны