21.06.2023, 16:38 25351

Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты

Алдын ала болжам бойынша, автокөлік жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған
Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты
Сурет: Polisia.kz
Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты, деп мәлім етті Polisia.kz.

21 маусым сағат 8:15 шамасында Қобда ауылы маңында Самара-Шымкент автожолының 631 шақырымында шетелдіктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Hyundai Starex автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы рөлді басқара алмай, автокөлікті аударып алған. Салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз бала оқиға орнында қайтыс болды. 6 адам Қобда ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізіліп, онда 2 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды.

Алдын ала болжам бойынша, автокөлік жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны