15.11.2023, 18:48 53761

Ақтауда көшеден ер адамның денесі табылды

15 қарашада Ақтау қаласының 7 ықшам ауданында ер адамның денесі табылды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір полиция департаментінің баспасөз қызметі 15 қарашада "102" кезекші байланыс желісіне 7 ықшам ауданындағы 3 үйдің жанында ер адамның денесі жатыр деген хабарлама бойынша шақырту келіп түскенін хабарлады, деп жазады Lada.kz.

Шақырту бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына аттанды. 43 жастағы ер адамның денесі табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады ведомстводан.


2023 жылы 9 қазанда Астанада қараусыз қалтарыс жерден қыздың мәйіті табылды. Желі қолданушылары 18 жастағы қызды өлтіріп, сол араға көміп тастағанын жазды. Полиция қыздың денесі табылғанын растады, бірақ оның жасын нақтыламады және оның көмілгендігі туралы қауесетті жоққа шығарды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны