04.08.2023, 19:40 20736

Абай облысында өрт шықты

Өртті сөндіру үшін ТЖМ Қазавиақұтқару және Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары жұмылдырылды
2023 жылғы 4 тамызда сағат 15:30-да ТЖМ Абай облысындағы бөлімшелеріне Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрт туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Gov.kz.

Өртті жедел жоюға жәрдем көрсету мақсатында Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді.

Әуеден барлау және су төгу құрылғысын пайдалана отырып, өртті сөндіру үшін ТЖМ Қазавиақұтқару және Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта ТЖМ мен орман шаруашылығының тартылған күштері мен құралдарының саны шамамен 130 адамды және 25 бірлік техниканы құрайды.

Астана қаласы мен Қарағанды облысынан күштер мен құралдары өрт орнына қосымша жіберіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны