07.08.2023, 20:06 30836

Алматы тауларында жоғалған турист екінші күн іздестірілуде

6 тамызда таңертең ТЖД қызметкерлері іздестіруге ұшқышсыз ұшу аппараттарын қосқан
2023 жылғы 5 тамызда 39 жастағы турист Шымбұлақ-Талғар асуы (3163 м) - Богданович мұздығы (3500 м) - Абай шыңы (4010 м) бағытын жалғыз өзі еңсермек болды. Ол достарына сол күні сағат 21.00-де қалаға оралатынын ескерткен болатын. Бірақ белгіленген уақытта ол байланысқа шықпады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ер адамды іздеуге дереу ТЖД қызметкерлері, ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен кинологиялық есептоптары, құтқару қызметтері мен "Доброспас" волонтерлері жіберілді. Құтқарушылар түні бойы тауда туристі іздеді.

6 тамызда таңертең ТЖД қызметкерлері іздестіруге ұшқышсыз ұшу аппараттарын қосты. ТЖМ Қазавиақұтқару авиаборты да ұшуға дайын болды. Алайда, таулы аймақтағы ауа-райының нашарлауына және қатты жаңбырға байланысты ұшуға рұқсат берілмеді. Іздеу-құтқару операциясына Альпинизм федерациясының қызметкерлері де қосылды. Бір тәулік ішінде ТЖМ және ерікті құтқару қызметтерінің қызметкерлері жоғалған туристің тау бағыты бойынша барлық іздеу аймақтарын: Чертово шатқалы, Қарлытау шыңы, Хрищатый шыңы, Талғар асуы, Абай шыңы, Богданович мұздығын барынша қамтыды. Іздеу жұмыстары түнде де тоқтаған жоқ.

Бүгін де іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда, ТЖД қызметкерлері таудағы ауа-райы жақсарғаннан кейін ұшқышсыз ұшу аппаратын іске қосты.

Іздеу орнында ТЖД, ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының отыздан астам қызметкері, ерікті құтқару қызметінің еріктілері, қалалық құтқару қызметінің құтқарушылары, Алматы қаласының Альпинизм федерациясының өкілдері, екі кинологиялық есептоп және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Жоғалған адамның тау бағыты тек дайындалған туристерге арналған. Аталмыш бағыт альпинизм дағдыларын және арнайы жабдықтармен жұмыс істеу қабілетін қажет етеді.

ТЖМ құтқарушылары тауға жалғыз көтерілу және маршрутты өзгерту қауіпті екенін еске салады.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны