01.04.2022, 17:43 18806

Алматы әуежайында жалған құжаттармен шетелдік азамат ұсталды

Сұрау барысында бұл адамның 2017 жылдан бастап Қазақстан аумағында заңсыз болғаны анықталды.
Алматы әуежайында жалған құжаттармен шетелдік азамат ұсталды
АЛМАТЫ. 1 СӘУІР - Алматы қ. халықаралық әуежайында Алматы – Тбилиси рейсінде паспорттық бақылауда шетелдік азаматты жалған құжаттармен ұсталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Сұрау барысында бұл адамның 2017 жылдан бастап Қазақстан аумағында заңсыз болғаны анықталды. Жазадан құтылу үшін анықтамалық деректері өзгертілген жалған құжат сатып алған", - деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінде.

 
Шетелдіктің әрекетінде ҚР ҚК 385-ші (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) және 430-шы (Сот үкімін немесе сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) баптарын бұзушылықтар байқалады. Материалдар полиция органдарына берілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны