29.03.2022, 20:13 8341

Алматы әуежайында жел ұшақты орнынан қозғап жіберді

Алматы әуежайында жел ұшақты орнынан қозғап жіберді
Сурет: Бейнеден скрин
АЛМАТЫ. 29 НАУРЫЗ - Алматы әуежайында қатты желдің әсерінен ұшақ айналып кетті.
 
Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
 
Ақпаратты Scat әуекомпаниясы растады. Boeing 737 ұшағы тұрақта болған.
 

Дөңгелектердің астында бекітілген техникалық талаптарға сай орнатылған тежегіш қалқандар болған. Қатты екпіндеген дауыл ұшақты 30 градусқа айналдырып жіберді. Бортта жолаушылар болған жоқ. Ешкімге зақым келмеді", - деп атап өтті әуе компаниядан.

 
Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
 

Ұшақ пен техникаға зақым келген жоқ. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі. 

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны