06.05.2022, 16:59 14316

Алматыда физика-математика мектебінің оқушысы өзіне қол жұмсады

Қайғылы оқиға 4 мамырға қараған түні Алматының Медеу ауданында болған.
Алматыда физика-математика мектебінің оқушысы өзіне қол жұмсады
АЛМАТЫ. 6 МАМЫР - Алматыда 2006 жылы туған қыз өз-өзіне қол жұмсады.
 
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 мамырға қараған түні Алматының Медеу ауданында болған.
 

2006 жылы туған мектеп оқушысы өз үйінің ауласында асылып қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 105 бабы бойынша тексеріліп жатыр", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 
Ведомство өкілі оқиғаның себебі мен өзге де мән-жай анықталып жатқанын атап өтті.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Суицид

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны