08.01.2026, 08:31 2646

Алматыда қоймадағы өрт түні бойы сөндірілді  

Алматыда қоймадағы өрт түні бойы сөндірілді
Сурет: @emergovkz
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі күштерімен Алматы қаласындағы Солтүстік айналма тасжолында орналасқан қоймадағы өрт 1900 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде қойма ғимаратында ашық жалынмен өрт болып жатқаны анықталған.

Өртті сөндіру жұмыстары жоғары шақырту деңгейі бойынша жүргізілді. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, сөндіруге жеке құрамнан 85 адам мен 22 техника жұмылдырылды.

Өрт аумағында үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылып, сөндіру жұмыстарына ТЖМ-нің автопоезы тартылды.

Өртті сөндіру ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері мен өрт жүктемесінің жоғары болуына байланысты күрделене түскен.

Сағат 02:11-де өрттің оқшауланғаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында жалынның жақын маңдағы ғимаратқа таралуына жол берілмеді.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны