22.05.2023, 14:24 13111

Алматыда үйдің ауласында көлік баланы қағып кетті

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 20 мамыр күні кешкі сағат 18:30 шамасында "Alma City" шағын ауданында болды
Алматыда "Alma City" тұрғын үй кешенінің ауласында Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі 7 жасар баланы қағып, ойын алаңына кіріп кетті, деп хабарлайды Inform.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 20 мамыр күні кешкі сағат 18:30 шамасында "Alma City" шағын ауданында болды.

Daewoo" маркалы көліктің жүргізушісі ішкі ауламен батыс бағытта келе жатып, 7 жасар баланы қағып кетті. Ол дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. ЖКО дерегін Наурызбай аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр",- деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен.


Бұған дейін "Alma City 2" тұрғын үй кешенінде подъезд есігі баланың үстіне құлап, оны басып қалған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны