08.04.2025, 15:27 117106

Алматыда қыз баланы жүк көлігімен қағым кеткен жүргізушісі қамауға алынды

Алматыда қыз баланы жүк көлігімен қағым кеткен жүргізушісі қамауға алынды
Қала прокуратурасы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс бойынша "Renault" жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қолдады, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Новая-Бурундайская көшелерінің қиылысында жүк көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жеті жасар қызды қағып кетті, бала сол жерде көз жұмды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданааралық тергеу соты жүргізушіге қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.

Баптың санкциясында 5 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қала прокуратурасы көлік иелерін сақ болуға, жолдарда өзара сыйластық танытып, жол ережесін сақтауға шақырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны