21.06.2023, 11:38 17996

Қарағандыда дауылдан зардап шеккендердің туыстары жауаптыларды жазалауды сұрайды

Дем арада күш алған дауыл жабындыны жұлып әкеткенде, ойнап жүрген екі бала қаңбақша ұшып кеткен
Қарағандыда дауылдан зардап шеккендердің туыстары жауаптыларды жазалауды сұрайды Қарағандыда дауыл ұшырған сегіз жастағы баланың басына күрделі ота жасалды. Зардап шеккен оқушылардың туыстары төтенше жағдайға жауаптыларды енді жазаға тартуды талап етіп отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы

Сүйегі бірнеше жерден сынған бала спорт үйірмесінен келе жатқан. Ауладағы алаңқайда да көп болмапты. Дем арада күш алған дауыл жабындыны жұлып әкеткенде, ойнап жүрген екі бала қаңбақша ұшып кетті. Оңбай құлаған сегіз жастағы оқушыға бүгін дәрігерлер үш бірдей ота жасады. Алдымен баланың маңдай сүйегін қалыпқа келтіріп, үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерін қайта жинапты. Одан кейін сынған иығына ота жасалған.

Ал жарақат алған екінші баланың өміріне қауіп жоқ, ол жалпы палатада. Полиция "қауіпсіздік ережелерін сақтамай қызмет көрсету" бабымен қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.

Осыдан екіүш апта бұрын газонды салып кетті. Газон мүлдем қоршалған да жоқ. Ешқандай ата анаға ақпарат берілген де жоқ, "бұл газонда ойнауға болмайды балаларыңызды жібермеңіздер" деген ақпарат берілген жоқ. Газонды төседі де кетіп қалды, ол газон бекітілмеген. Ол кісілер екіүш апта бойы қайда болды?! Газонды неге бекітпеген?!", дейды зардап шеккен баланың туысы Мақпал Шәмшиева.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны