08.08.2023, 12:50 29776

Астанада футбол қақпасы басып қалған бала мерт болды

Сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды
Астанада он жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап, мерт болды, деп хабарлайды Астана қаласының білім басқармасының баспасөз қызметінен.

«№10 мектептің аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлаған. Алған жарақатынан оқушы көз жұмды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай анықталуда. Астана қаласының Білім басқармасы оқушының ата-анасына қайғырып көңіл айтады»,-делінген хабарламада.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны