16.06.2026, 14:45 486

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің 11-қабатынан велосипед лақтырып жіберген баланың заңды өкілдері анықталды

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің 11-қабатынан велосипед лақтырып жіберген баланың заңды өкілдері анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын. Велосипед құлаған сәтте аулада жақын маңнан өтіп бара жатқан баланың болғаны туралы да хабарланды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, дегенмен қайғылы жағдайдың болуы әбден мүмкін еді.

Астана қалалық полиция департаменті тұрғын үйдің 11-қабатынан велосипед лақтыру оқиғасына қатысты түсініктеме берді.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерін анықтады. Оларға кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады ведомстводан.

 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны