02.10.2023, 17:08 57676

Атыраулық жекеменшік спорт клубының тәрбиеленушісі Алматыда қаза тапты

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Қайғылы оқиға бүгін түстен кейін жазатайым оқиға салдарынан болды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бейресми ақпарат көздерінің мәліметіне сәйкес, бір топ бала жекеменшік спорт клубының жаттықтырушысымен бірге Атыраудан Алматыға ARLAN GRIP KUZ OPEN (AIGA) халықаралық турниріне AIGA грэпплинг спорттық жекпе-жек түрі бойынша қатысуға барған.

Бүгін, 30 қыркүйек күні таңертең "Байқоңыр" спорт клубының жаттықтырушысы 12-14 жастағы жасөспірімдерді жарысқа алып кеткен. Атыраулық спортшылар тоқтаған тұрғылықты жерде бір топ бала қалады. Спортшылардың бесеуі дүкенге сұранып шығып, олармен бірге алты жасар И.Ж., да кетеді. Өкінішке қарай, ол қайғылы оқиғаға ұшырап, қаза тапты. Жекеменшік спорт клубының "Жұмыскер" шағынауданында орналасқаны анықталды.

Алматыда болған төтенше жағдай туралы құқық қорғау органдары хабардар етілді, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны