29.03.2022, 16:50 6276

Қазақстанның оңтүстігінде "Айшуақ-Жантүгел" ҰҚТ қатысушыларын ұстау бойынша арнайы операция өткізілді

Ұсталған адамдарға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазақстанның оңтүстігінде "Айшуақ-Жантүгел" ҰҚТ қатысушыларын ұстау бойынша арнайы операция өткізілді
Сурет: polisia.kz
АЛМАТЫ. 29 НАУРЫЗ - 26 наурызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҰҚК және БП-мен бірлесіп, сондай-ақ, арнайы жасақ бөлімшесінің қатысуымен Алматы қаласында және Алматы облысында арнайы операция барысында бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған "Айшуақ-Жантүгел" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін ұстады.
 

Жүргізілген арнайы операцияның нәтижелері бойынша ұсталғандардан екі "Калашников" автоматы, бес аңшылық келте мылтық, екі жауынгерлік тапанша, "Калашников" пневматикалық автоматы, "Ф-1" қорғаныс қол гранатасы, оқ өтпейтін екі кеудеше, аңшылық пышақ, түрлі калибрлі 350-ден астам оқ-дәрі, сондай-ақ, 5700 АҚШ доллары және 107 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат тәркіленді", - деп хабарлады ҚР ІІМ.

 
Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың өзге де ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. 
 
Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша жұмыс жалғасуда. Ұсталған адамдарға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 
Ақпарат көзі: Polisia.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны