11.08.2023, 19:20 20716

"ҚазАзот" зауытында нитрозды газдың қысқа мерзімді шығарылуы орын алды

Қазіргі уақытта жоспардан тыс тексеруді ашу бойынша жұмыс жүргізлуде
"ҚазАзот" зауытында нитрозды газдың қысқа мерзімді шығарылуы орын алды
Сурет: Gov.kz
Бүгін сағат 13: 20-да МАЭК ЖШС тарапынан электр энергиясын авариялық ажыратылуына байланысты "ҚазАзот"АҚ зауытында 2 агрегаттың жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Gov.kz.

Сөндіру нәтижесінде әлсіз азот қышқылының өндірістік цехында атмосфераға нитрозды газдың қысқа мерзімді шығарылуы орын алды.

Экология департаментінің қызметкерлері кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағында атмосфералық ауаны өлшеуді жүзеге асырды, ластаушы заттардың ШРК асып кетуі тіркелген жоқ.

Қазіргі уақытта Департамент "ҚазАзот" АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеруді ашу бойынша жұмыс жүргізуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны