26.06.2023, 10:23 16631

Іле-Балқаш қорығы аумағында қамыс өртеніп жатыр

Әлеуметтік желілерде таралған космомониторингтің суреттері бүгінгі күні өзектілігін жоғалтқан
Іле-Балқаш қорығы аумағында қамыс өртеніп жатыр
Сурет: ТЖМ
Іле-Балқаш резерватының (кірме жолдар жоқ аралшықтар және қолжетімділігі төмен батпақты жерде) аумағында 150 га алаң жанып жатыр. Өрттің жалпы аумағы шамамен 6200 га болды, оның ішінде сөндірілгені - 6050 гектар), деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Әлеуметтік желілерде таралған космомониторингтің суреттері бүгінгі күні өзектілігін жоғалтқан.

ТЖД және "Іле-Балқаш" МТР" РММ күштерімен қолмен жұмыс жасайтын шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу тәртіппен солтүстік-батыс жағында 6-кварталда алдын ала болжам бойынша 150 га алаңда сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау үшін Орман шаруашылығы күштерімен жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Метеорологиялық жағдай: күн ашық, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +24 С, солтүстік бағытта соққан желдің жылдамдығы 2 м/с.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны