30.06.2023, 09:42 25496

Каспий теңізінің жағалауында 5 адам құтқарылды

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады
2023 жылғы 28 маусымда Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауында Маңғыстау облысы ТЖД мобильді құтқару бекетінің кезекшілігі кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1997, 1995, 2009 жылы туған азаматтарды құтқарды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Бірнеше сағаттан кейін құтқарушылар тағы екі жігітті құтқарды.

Құтқарылғандардың барлығы жабдықталмаған шомылу орнында шомылған. Медициналық көмек қажет болмады.

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны