25.02.2022, 18:00 26691

Кентау қаласы әкімінің ұсталғаны туралы ақпарат расталды

Кентау қаласы әкімінің ұсталғаны туралы ақпарат расталды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 25 АҚПАН - Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажановқа қатысты аса ірі көлемде пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімін әшкереледі, ол 2022 жылғы 23 ақпанда өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аталған қалада автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ доллары (42 миллион 500 мың теңгеге баламалы) сомасында пара алған", - делінген хабарламада.


Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны