"ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы құрылтайшысы іздеуге жарияланды
Сурет: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
"Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымының ақшалай қаражатын иеленген "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Муктарова Шнар Уралгазыновна күдіктелуде", - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Шнар Муктароваға іздеу жарияланды және оған қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Егер оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, Агенттік көрсетілген телефондарына хабарлауды сұрайды:
call-центр 1424
+7 (7172) 909 260
Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

