30.06.2022, 16:07 14086

Мүмкіндігі шектеулі 300-ден астам адам мемлекет кепілдік берген көмектен айырылған

Мүмкіндігі шектеулі 300-ден астам адам мемлекет кепілдік берген көмектен айырылған
НҰР-СҰЛТАН. 30 МАУСЫМ - Қарасай ауданы прокуратурасы жүргізген талдаудың қорытындысы бойынша, мүгедектігі бар 300-ден астам адам шенеуіктердің кесірінен мемлекеттен кепілді көмек алмағаны анықталды.
 

141 кәмелетке толмаған бала арнайы оқу бағдарламасымен ғана білім алуға мұқтаждығына қарамастан, жергілікті атқарушы орган тарапынан осы балалар назардан тыс қалып, білім алу құқығынан айырылған", - деп хабарлады Қарасай ауданы прокуратурасының баспасөз қызметі.

 
Заңнама талаптарына сәйкес, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектігі бар ересектер мен балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз етедіндігі айқындалған.
 

Алайда 51 адам санаторий-курорттық емдеуге жіберілмеген. 101 мүгедектігі бар адам заңнамамен бекітілген протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етiлмеген", - деп қосты Қарасай ауданы прокуратурасының баспасөз қызметі.

 
Оның ішінде 13 жасөспірімге аудандық мемлекеттік органдар есту құралдарын үлестірмеген.
 
Прокуратураның мәлімдеуінше, Қарасай ауданы көлемінде 5 мыңнан аса арнайы көмек талап ететін азаматтар бар екендігін атап өту қажет.
 

Осы тұрғындардың құқығын қорғау үшін прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, кінәлі түлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды", - деді Қарасай ауданы прокуратурасының баспасөз қызметінде.

 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны