12.07.2021, 23:45 17529

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес болды

НҰР-СҰЛТАН. 12 ШІЛДЕ - Сағат 05.15-те полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнекамераларының объективіне Қабанбай батыр даңғылындағы "BаоBao" түнгі клубының алдында төбелес түсті.
 
Патрульдік полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын ұстады. Олар Есіл ауданының полициясына жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
 
Белгілі болғандай, жастар арасында ауызша қақтығыс болып, төбелеске ұласты. Ұсталғандардың барлығы мас күйінде болған. Қоғамдық тәртіпті бұзушыларға қатысты 440-бап бойынша әкімшілік іс қозғалды (Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу). Төбелес фактісі бойынша ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.
 
Карантин режимін бұзғаны үшін мекеме иесі ҚР ӘҚБК 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 

Ақпарат көзі: polisia.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны