09.02.2022, 17:57 42836

Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры жарты миллиард теңге жымқырғаны үшін ұсталды

Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры жарты миллиард теңге жымқырғаны үшін ұсталды
Сурет: paryz.kz
ПАВЛОДАР. 9 АҚПАН - "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітовтің ұсталғанын оның ұлы Сұлтан растады. Қамауға алынған мұнай-химия зауыты басшысының ұлы тергеушілердің қолында әкесінің кінәлі екенін дәлелдейтін айғақ жоқ екенін, оған қарсы қылмыстық іс ойдан шығарылғанын мәлімдеді.
 
Ол Instagram парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады.
 

7 ақпанда оны ұстады, ал сегізінде ешқандай дәлелсіз қамауға алды", - дейді видеода бас директордың ұлы Сұлтан.

 
Оның айтуынша, тергеу Оспанбек Әлсейітовті бұл қызметке 2017 жылдың 22 желтоқсанында тағайындалғанына қарамастан, 2018 жылдың 3 қаңтарында қоспаларды жеткізу келісімшартына қол қойған деп айыптап отыр. Ұлының айтуынша, бұл құжаттар Оспанбек Әлсейітов "Қазмұнайгаз" департаментінде жұмыс істеген кезде қабылданған.
 
Барлық дәлел келтірілді, бірақ экономикалық тергеулер департаментінің тергеушісі оны елемеді, дейді Әлсейітовтің ұлы.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев ПМХЗ-да уақытылы жөндеу жүргізбегені үшін Әлсейітовке сөгіс жариялады, бұл отын өндірісінің төмендеуіне, ақыры оның тапшылығына әкелді.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны