30.05.2025, 16:39 101216

Павлодар облысында полицейлер тұрғынды құтқарып қалды

Павлодар облысында полицейлер тұрғынды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz баспасөз қызметінен.

Екібастұзда 9 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған тұрғын құтқарылды. Оқиға 30 мамырда сағат 19.30 шамасында болған.

Патрульдік полицейлер қызмет барысында М.Әуезов көшесіндегі 9 қабатты үйдің төбесінде ер адамды байқаған. Осыдан кейін олар дереу шатырға көтеріліп, ер адамды құтқаруға асықты. Тәртіп сақшылары оны бірден ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарды.

Қазір 36 жастағы азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны