12.05.2022, 14:31 16866

Полиция Алматының жекеменшік мектебінде 1-ші сынып оқушысын зорлау фактісін тергеуде

Полиция Алматының жекеменшік мектебінде 1-ші сынып оқушысын зорлау фактісін тергеуде
Сурет: Depositphotos
АЛМАТЫ. 12 МАМЫР - Алматыда бірінші сынып оқушысының әкесі ұлы зорланғанын мәлімдеді.
 
Құқық қорғаушы Дина Смаилова Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде бірінші сынып оқушысын жоғары сынып оқушылары бірнеше күн қатарынан зорлағанын айтты.
 

Алматы қаласы, жекеменшік мектеп, сыныпта 12 баладан, жетінші сыныптың үш оқушысы бірнеше күн бойы бірінші сынып оқушысын сабақ кезінде дәретханада зорлайды! Мұғалім баланы жіберіп, қорқынышты ештеңені байқамаған!", - деп жазды Смаилова Facebook желісіндегі парақшасында. 

 
Құқық қорғаушы жазбасында баланың әкесі екі апта бұрын болған оқиға туралы біліп, полицияға хабарлағанын, бірақ тергеу тоқтап тұрғанын айтты. Зорлық-зомбылыққа қарсы "НеМолчиKZ" қорының негізін қалаушы Президентке ашық хат жолдап, Мемлекет басшысынан барлық кінәліні жазалауға көмектесуді сұрады. 
 
Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол 21 сәуірде Наурызбай аудандық полиция бөліміне баланың әкесі арызданғанын айтты. Сол күні аталған құжат ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі – Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұл бап бойынша жаза 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды қарастырады. 
 

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, солардың нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім шығарылады. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысын қадағалайтын процесс прокуроры тағайындалды. Тергеу жан-жақты, толық және объектив қағидаттарын қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелерін Алматы қаласының полиция департаменті бақылауға алды", - деп жазды Рустам Әбдірахманов.

 
Ақпарат көзі: ktk.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны