24.03.2023, 14:20 27571

Риддерде ТЖ режимі жарияланды

Риддерде ТЖ режимі жарияланды
Сурет: Depositphotos
Облыс басшылығы станцияның барлық басқаруын өзіне алуға мәжбүр

Риддер. 24 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Риддерде өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желілердегі парақшасында.

Қаланың жылу электр орталығының жұмысында үлкен кемшіліктер бар, жаңа RNGK компаниясының иесі қаңтардан бастап ешқандай жұмыс жүргізбеді. Өткен кезеңде үш миллиард теңгеден астам берешек қалыптасты, мазут, көмір, электр энергиясын жеткізуде олқылықтар болды. Сонымен қатар қараша айынан бастап шұғыл жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген компанияларға еңбекақы төлеуде әлі кешіктірулер бар. Барлығы жұмыс процесінде 67 сыну тіркелді. Бірнеше күн бұрын 4 және 5 жоғары қысымды қазандықтарда өрт болды, Кабельдік-өткізгіш өнімдер өртенді, көмір беру жолында ұсақ дисперсті шаңның жарылуы болды", - деді әкім.


Оның айтуынша, облыс басшылығы қазір жылыту маусымын аяқтауға мүмкіндік беретін режимде тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін станцияның барлық басқаруын өзіне алуға мәжбүр.

Мәселеден шығудың жалғыз жолы-Риддер ЖЭО-ны коммуналдық меншікке сатып алу, біз осы бағытта заңнамаға сәйкес жұмыс істейміз және оң нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз", - деді әкім.


Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Риддер ЖЭО апатына байланысты 22 мыңнан астам абонент жылусыз қалды. ТЖ режимі енгізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны