30.11.2023, 14:48 53971

Өрттен қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына 1 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі

Бүгін Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты
Алматыда хостелде өрт кезінде қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туыстарына 1 млн теңге көлемінде көмек беріледі. Бұл туралы өңірлік коммункаициялар қызметі брифингінде Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек бөлінеді. Бұған дейін хабарланғандай, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денелерін туыстары көрсеткен жерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға көмектеседі. Одан бөлек, Алматы қаласы аумағында жерлеу рәсімін ұйымдастыруға толық көмек көрсетіледі", - деді Айдар Жақыбаев.


Ол сондай-ақ қаза тапқан шетелдік азаматтардың отбасыларына да мәйітті жерлеу орнына дейін тасымалдауға жәрдем жасалатынын айтты.

Еске салайық, бүгін Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 30 қараша күні сағат 05:33-те түскен. Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде жетті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны