25.07.2025, 19:40 81396

Сәбидің пойызда қаза табуына анасының психикалық ауруы себеп болған

Сәбидің пойызда қаза табуына анасының психикалық ауруы себеп болған, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қарағанды көлік прокуратурасы "Қарағанды-Сұрыптау-Сарыбел"аралығында жолаушылар пойызында орын алған қайғылы оқиға бойынша сот тергеуін аяқтады.

2025 жылғы 20 сәуірде пойыз жолаушыларының бірі толғағы келіп, вагонның санитарлық бөлмесінде босанып қалған. Босану медициналық мекемеден тыс және тиісті көмек көрсетілмей жүзеге асқан.

Тергеу барысында анықталғандай, психикалық аурумен есепте тұрған әйел ауруының асқыну кезеңінде жаңа туған нәрестені санитарлық шұңқырға тастап жіберген. Сәби темір жол рельстеріне құлап, өмірмен сыйыспайтын жарақаттар алған.

Қарағанды облысының Осакаров аудандық соты әйелді қылмыстық іс-әрекет жасаған сәтінде есі дұрыс емес деп танып, оны арнайы медициналық мекемеде мәжбүрлеп емдеу туралы қаулы шығарды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны