03.08.2023, 09:13 18776

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында орналасқан аралда өрт шықты

Қызыл жалын шөп пен қамысты шарпыған
Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында орналасқан аралда өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай ауданы Октябрьский кентіндегі Бұқтырма су қоймасының Гусиный аралында өрт болды.

Оқиға орнына жету үшін өрт сөндірушілерге суда қайықпен жүзіп баруға тура келді. Қызыл жалын шөп пен қамысты шарпыған.

Сол жерге жеткен №20 өрт сөндіру бөлімшесінің және № 8 құтқару бөлімшесінің қызметкерлері отпен күреске кірісті. Көп ұзамай жалпы ауданы 6 гектарды құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды", - делінген ақпаратта.


Айта кетейік, өртті өшіруге барлығы 6 адам жұмылдырылған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны