04.08.2023, 19:53 27501

Шымкентте полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті

Жол-көлік оқиғасы салдарынан анасы мен кәмелет жасына толмаған қызы ауруханаға жеткізілді
Шымкентте полицейдің қатысуымен болған ЖКО дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

3 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Байтұрсынов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде Тұран АПБ-ның жүргізуші полицейі қызметтік автокөлікпен 2 адамды қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан анасы мен кәмелет жасына толмаған қызы ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт Шымкент қаласы полиция департаментінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамның абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүру қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Шымкент қаласы ПД-ның басшылығы зардап шеккендерден және олардың туыстарынан полиция қызметкері жолда адамдардың жарақат алуына жол бергені үшін кешірім сұрайды. Сотқа дейінгі тергеумен ПД-ның анықтау басқармасы айналысып жатыр.

Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны