16.06.2026, 13:46 471
СІМ Чикагода жоғалып кеткен қазақстандықтың қаза тапқаны туралы ақпаратты растады
Достарға айту
АҚШ-тың құзырлы органдары бұған дейін табылған адамның жеке басын анықтады. Ол Қазақстан азаматы Әсет Құралбай екендігі белгілі болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына ауыр қайғыларына байланысты шынайы көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және қаза болған азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста", - деп көрсетілген СІМ хабарламасында.
Мекеменің мәліметінше, марқұмның туыстарына құжаттарды рәсімдеу және мәйітті Қазақстанға жеткізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша тиісті консулдық көмек көрсетілуде.
Бұған дейін, әлеуметтік желілерде АҚШ-тың Иллинойс штатында тұрған 24 жастағы қазақстандықтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі азаматтың жоғалуына қатысты түсініктеме берген еді.
Еске салсақ, бұған дейін СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев брифинг барысында АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғанын мәлімдеген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.06.2026, 16:46 4741
Италияда қаза тапқан қазақстандыққа СІМ қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Италияда қаза тапқан Қазақстан азаматына қатысты қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетті. Бұл туралы брифинг барысында СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Құзырлы органдардың ақпаратына сәйкес, ол суға батып кеткен. Біздің тараптан қажетті консулдық-құқықтық көмек, оның ішінде құжаттарды рәсімдеу және мәйітті елге жеткізу мәселелерін ұйымдастыру бойынша тиісті шаралар қабылданды», – деді Ерлан Жетібаев.
Бұған дейін, бұқаралық ақпарат құралдарында Италияның Бриатико қаласындағы жағалау маңындағы жартастар арасынан Қазақстаннан барған студенттің өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.06.2026, 15:57 5066
АҚШ-та Қазақстан азаматының мәйіті табылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды. Бұл туралы брифингте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзырлы органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. Қазіргі уақытта америкалық тарап қажетті іс-шаралар жүргізіп жатыр", - деді Ерлан Жетібаев.
Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста.
Қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр", - деп атап өтті министрліктің ресми өкілі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде 24 жастағы Қазақстан азаматының жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Хабарламаларға сәйкес, ол АҚШ-тың Иллинойс штатында тұрған. Кейін оның жоғалуына қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2026, 16:10 110851
Көлсайда автокөлік жардан құлап кетті
Достарға айту
Алматы облысында автокөлік жардан құлап кетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Көлсай көлінде автотұрақта тұрған автокөлік жардан төмен қарай құлап кетті. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 сәуірінде Көлсайдың таулы аймағында болған.
- Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік құралы тұрақ аймағынан төменге қарай өздігінен домалап кеткен. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлік иесі полицияға арызданудан бас тартты, ешкімге ешқандай талап-арызы жоқ, - деп хабарлады департаменттен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 21:56 234031
Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өрт: алты адам медициналық көмекке жүгінді
Сурет: ҚР ТЖМ
Достарға айту
Семей қаласындағы Шұғаев көшесінде орналасқан ойын-сауық орталығында болған өрттен кейін алты адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Оқиға орнына жедел жәрдемнің бес бригадасы жіберілді. Дәрігерлерге жүгінгендердің ішінде үшеуі ересек, үшеуі бала.
Екі ересек адам мен бір бала медициналық тексеруден бас тартып, оқиға орнынан өз бетінше кеткен. Олар қаладағы медициналық мекемелерге жүгінбеген.
Бір науқас көмірқышқыл газынан улану диагнозымен нефрология орталығына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Тағы екі бала жеке көлікпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Тексеру нәтижесінде олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне жіберілді.
Қазіргі уақытта бұдан басқа медициналық көмекке жүгінгендер тіркелген жоқ. Медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Ведомство өкілдері әлеуметтік желілерде тараған түрлі ақпаратқа да түсініктеме берді.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын мәліметтер тарап жатыр. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өртті сөндіруге 120 адам мен 21 техника жұмылдырылғаны хабарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 20:50 234261
Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өртті сөндіруге 120 адам мен 21 техника жұмылдырылды
Достарға айту
Төтенше жағдайлар министрлігі Семейдегі Шұғаев көшесіндегі ойын-сауық орталығындағы өртті ауыздықтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өртті толықтай сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Оқиға орнына 120 адам мен 21 техника жұмылдырылды. Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде ғимараттың едені опырылып түскен. Сондай-ақ өртті сөндіруге жоғары өрт жүктемесі, қатты түтін және ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері кедергі келтіріп отыр.
Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінде сенім телефоны ашылған: 8 (7222) 35-38-36.
Қазіргі кезде төтенше жағдайды жоюға арналған арнайы өрт сөндіру жедел штабы құрылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 08:03 236091
ТЖМ құтқарушылары газ құю станциясындағы өртті сөндірді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бүгін Ақтөбе қаласында, Алматы ауданындағы Ақжар көшесінде орналасқан автогаз құю станциясының жер үсті резервуарларының бірінде газ-ауа қоспасының жануынан жарылыс болып, жалын екінші цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа таралған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
ТЖД күштері оқиға орнына қысқа мерзімде жетті. Өрт сөндірушілер жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеп, қайталама жарылыстардың алдын алып, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді. Құтқарушылардың кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіру жұмыстарына ТЖД, ЖҚЖ және Апаттар медицинасы орталығының шамамен 60 қызметкері және 16 бірлік техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнындағы жұмыстарды Ақтөбе облысы ТЖД бастығы, полковник Қаһарман Оразалин үйлестірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2026, 10:49 289726
Шымкентте әйел пышақ жарақатынан қаза тапты
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Шымкент қаласында әйел жол бойында пышақ жарақатынан қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті жәбірленушіге өзара жеке бас араздығы негізінде пышақ жарақаттарын салған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болған", - деп жазды жергілікті ПД.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2026, 07:04 289481
Жаңаөзенде дәрігер пышақ жарақатынан мерт болды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында бүгін 28 қаңтарда сағат шамамен 14:00-де медициналық мекеменің дәлізінде терапевт дәрігерге ер адам шабуыл жасап, ауыр пышақ жарақатын салған. Соның салдарынан 29 жастағы жас маман қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кісі өлтіруге күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
28 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 29 жастағы ер адам көз жұмды. Алдын ала анықталғандай, қақтығыс ер адамдар арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде туындаған. Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған ісін мойындаған. Аталған дерек бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған тергеу шаралары басталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.06.2026, 11:37Алматыға роботакси жеткізілді 16.06.2026, 11:45 3081Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновация департаментінің директоры болып тағайындалды16.06.2026, 11:57 2816Президент армияны цифрлық тұрғыдан трансформациялауға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді16.06.2026, 12:05 2531Елімізде тәулігіне 1 миллион жұмыртқаны терең өңдейтін ірі кәсіпорын салыну жоспарлануда16.06.2026, 10:11 2086Қылмыстарды ашуда ДНҚ зерделеу өз нәтижелерін беруде
12.06.2026, 20:00 132146Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады12.06.2026, 15:51 131726Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды12.06.2026, 21:12 130951Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады12.06.2026, 19:31 128996Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.06.2026, 17:05 Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді128741Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді
22.05.2026, 20:31 251491Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237121Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207591ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 194661Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 194636Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

